ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

"Манты пісіріп әкелдім": Қазақ құтқарушыларына тамақ дайындап әкелген қырғыз әйелі жұрттың көңілін босатты (ВИДЕО)

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Желіде қырғыз әйелінің Түркиядағы қазақ құтқарушыларына тамақ әкелген видеосы тарады. Қазақстандық тұрғындар келіншектің аталған әрекетіне риза болып, алғыстарын жаудырды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Желідегі түркітілдес халықтардың бірінің парақшасында жарияланған видеода қырғыз әйелінің құтқарушыларға мәнті әзірлеп, тамақтандырып жатқан сәтін анық көруге болады. Әйел адам онда:

«Құтқарушылар келді деп, манты жасап келдік. Сіздердің туды көріп, құдайға шүкір, бар екенсіздер. Басқа тамақтың бәрі бар, манты жоқ шығар деп, тез-тез дайындап, пісіріп алып келдік», — деп ағынан жарылды келіншек.

Желі қолданушылары қырғыз әйелдің аталған әрекетіне сүйсініп, ыстық ықыластарын жаудырған. Олар: «Жарайсыздар, қазақ бауырларын сыйлап, тамақ дайындап әкеліп жатқан ниетіңіздер айналдым, көп жасаңыз», «Қолыңыз дерт көрмесін», «Алладан қайтсын», «Көңілім босады мына видеоны көріп, түбі бір түркі тілдес бауырлармыз, аман болайық, түрік ағайындар мына алапат зілзаланы аман-есен еңсерсін», «Көзіме еріксіз жас келді, рахмет сізге жүрегі кең, ниеті түзу апа» деп жазды желі қолданушылары.

Айта кетейік, Түркиядағы жойқын жер сілкінісінен қаза болғандар саны, соңғы мәліметтер бойынша 30 мың адамға жуықтады.

var SVG_ICONS = ' ';