ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Тоқаевқа арнап кітап жазып беремін - Ринат Заитов

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Белгілі айтыскер ақын Ринат Заитов журналист Думан Мұхамедкәрімге берген сұхбатында егер президент Конституциядан орыс тілінің мәртебесін алып тастаса, онда Тоқаевқа арнап өлең, тіпті кітап жазып беруге дайын екенін жеткізді.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы "Адырна" ұлттық порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Айырбасын көрейік. Жоқ деп айтпаймын. Егер "ертең қазақ тілі мемлекеттік тіл болады, ресми тіл дегенді алып тастаймыз. Бірақ сен ол үшін осы өлеңді жаз" десе, жатып алып жазамын. Ұлттың пайдасына тиетін бірдене беретін болса, бүкіл абыройымды, өзімді де құрбандыққа салайын. Халыққа пайдасы тиетін болса дайынмын! Тоқаев осылардың барлығын істеп берсе, тіпті кітап жазып беремін. Сөзімнен қайтпаймын", — деді Ринат Заитов.

var SVG_ICONS = ' ';