ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

TikTok-тағы ойыннан балалардың суицид жасап жатқаны рас па?

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Желіде елдің зәресін ұшыратын аудиожазба тараған еді. Дауыстық хабарламада автор 13 жасар қызы өзіне қол салғанын, ол мұндай қадамға TikTok желісіндегі ойыннан кейін барғанын айтады.

Оқиғаның рас-өтірігі анықталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Stopfake.kz - ке сілтеме жасап.

Ер адамның айтуынша, қызы 12 қаңтарда суицид жасаған. Дәл сол күні Таразда тұратын тағы екі бала TikTok-тағы ойын кесірінен қайтыс болған.

«12-сі күні 13 жасар қызымнан айырылдым. Әйеліммен үйге келгенде қызымызды баспалдақта асылып тұрған күйінде таптық. Балалардың телефонын тексеріп тұрыңыздар, өтінемін. Мұның барлығы телефоннан екен. TikTok-та бір ойын бар, онда турлардан өтеді. Алдымен, ұстараның жүзімен тамырын кеседі, кейін асылып өледі», – дейді аудиожазбадағы ер адам.

Қазақстанның Ішкі істер министрлігі бұл ақпарат жалған екенін айтып отыр.

«Ақпарат расталған жоқ», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

var SVG_ICONS = ' ';