ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

«Осы оқиғадан соң ештеңе қорқынышты емес»: Белгілі кәсіпкер қарнын қалай жарып кеткенін айтып берді (ВИДЕО)

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Белгілі кәсіпкер Мұрат Төлегеннің пайымдауынша, қазіргі кәсіпкерлер елдің алдына шығуға қорқады. Себебі, кәсібімнен айырылып қаламын-ау деген бұрыннан қалыптасқан қорқыныш бар, дейді.

Кәсіпкер ретінде Мұрат Төлегеннің өзі де түрлі қыспақтарға ұшыраған көрінеді. Бұл туралы ол Уақыт көрсетеді ютуб арнасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Расымен де ондай нәрселер болды, кәсіптің бір бөлшегін алғысы келгендер. Енді атын атап, түсін түстей алмаймын. Қысқаша айтатыным, қызылдардан да келеді, қаралардан да келеді. Адамның өмірінде бәрі болады. Пышақпен келді, қарным жарылған былай, крестик болып жатыр.

Қандай ниет болғанын білмеймін. Бірақ пышақ кірді, қарын жарылды. Қарын ақтарылып кетті. Енді менде күш болды ол кезде. Көлікке жеттім. Көлікпен өз күшіммен ауруханаға бардым. Ары қарай ағама звондап үлгердім. Ол кезде ұялы телефон болды. Ағама «іні керек болса, қарын жарылып ауруханада жатырм тез кел» дедім. Ары қарай сол кісінің арқасында тірі қалдым. Өмір болған соң бәрін көресің, бұл жағдайдан соң маған басқа нәрсенің бәрі қорқынышты емес болып қалды.

Мен ол кезде үлкен бір жоба жасап жаттым және екі айда қысқа уақыта аяқтауым керек болды. Түнгі 12 ге дейін жұмыс істеп отырдым. Сол кезде бір жігіт түнде келіп болмайтын бір өтініш айтып, соңы осылай аяқталды»,- деді кәсіпкер Мұрат Төлеген.

Менің түріме қараңызшы мен адамдарға өзім қасақана жамандық жасайтын адам емеспін, біреудің ала жібін аттамаймын. Елге жақсылық ойлап, қайырымдылық жасап жүрген адаммын, деді кәсіпкер.

var SVG_ICONS = ' ';