ТОП новости

Теги

Алматыда түнгі клубта «синтетика» сатқан

11.09.2023 18:15
Опубликовано в Новости

Алматы қаласындағы түнгі клубтардың бірінде синтетикалық препарат сатқан адам ұсталды.

Алматы қаласындағы түнгі клубтардың бірінде синтетикалық препарат сатқан адам ұсталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы BAQ.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Ішкі істер министрлігінде өткен апталық баспасөз мәслихатында ведомствоның өкілі Шұғыла Тұрлыбек мәлімдеді.

"Алматының түнгі клубтарының бірінде мефедронды өткізу кезінде Жамбыл облысының 26 жастағы тұрғыны ұсталды. Синтетикалық препараттың дозалары салынған орамдарды күдікті ұялы телефонының чехолына жасырған", — деп атап өтті ведомство өкілі.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің мәліметінше, клубта толығымен тінту жүргізілген. Алайда бұдан басқа тыйым салынған заттар табылмаған.

var SVG_ICONS = ' ';