"Келіннің сәлем салуы харам. Аллаға ғана иілу керек ": Әлеуметтік желіде видео тарады (ВИДЕО)
01.08.2023 18:43
Опубликовано в
Қаз
Әлеуметтік желіде қазақтың ұлттық аспабы домбыраны, беташарды, келіннің сәлем салуын харамға жатқызды. |
Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.
Видеода сақалды ер азаматтың домбыра, музыка, сәлем салу харам деп талдап айтқанын көруге болады.
- Беташар харам, домбыра харам. Харам деген сөз қазақшаға аударғанда, болмайды деген сөз. Келін сәлем салуға болмайды. Біз тек Алланың алдында ғана сәжде қыламыз. Мен мәселен әйелімді қызғанамын. Сендер қызғанбайтын шығарсыңдар. Сұрақты қояр алдын кәшкене ойлансаңдаршы, деп өз пікірін ойын білдірді.
Әлеуметтік желіде оқырмандар бұл кісінің айтқанымен келіспеді. Қазақтың салт-дәстүрін жоққа шығарғаны несі деп кері діни ағымдағы адамдардың жетегіне ермеу керегін айтты.