"Жүрегімнің соғысы сыртқа естіледі": Дариға Бадықова халықтан сүйінші сұрады
30.05.2023 18:04
Опубликовано в
Қаз
"Айсара" образымен танымалдығы артқан актриса Дариға Бадықова халықтан сүйінші сұрады. |
Ол жақсы жаңалығы туралы желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
"Жаңа образ. Сүйікті көрермендер, сіздерден сүйінші сұрайтын уақыт жақындап келеді.
Жүрегімнің соғысы сыртқа естіледі жақындаған сайын.
Маған тілеуші, тілекші бола алатын көрермендерімнің көп екенін сезсем тынышталамын.
Бүгін бір нәрсеге көзім жетті, жақсылық көп жасасаң, алдыңнан шығады дегенге.
Қатал түрім оттай береді екен барлық адамзатқа езіліп тұрады екенмін", - делінген жазбасында.
Көпшілік өнер иесінің бұл тұспалын "Аяғыңыз ауыр сияқты", "Жаңа кино" деп жорамалдап, құттықтау тілектерін білдіріп жатыр.