ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Air China Астанаға алғашқы рейсті орындады

23.04.2023 18:17
Опубликовано в Қаз


"Air China" әуе компаниясы Астанаға алғашқы рейсін орындады, деп хабарлады елорда әуежайының баспасөз қызметі.

"Бүгін түнде "Air China" алғашқы рейсті орындады. Қазақстан астанасына 60 жолаушы келіп, 21 адам кері ұшып кетті", — деді Астана әуежайының баспасөз хатшысы Әнуар Шалекенов.

Айта кетері, Қытай әуе компаниясы 21 сәуірден бастап Бейжің – Сиань – Астана бағыты бойынша аптасына үш рет жиілікпен тікелей жолаушылар рейсін қайта бастады.

Рейстер аптасына үш рет: дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндері орындалады.

var SVG_ICONS = ' ';