ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Қазақ жері Қытай сайттарында сатылып жатыр ма?

22.05.2023 18:17
Опубликовано в Қаз




Әлеуметтік желілерде қытайлық сайттарда Қазақстанның жерлері ашық саудаланып жатқаны туралы ақпарат тарады.


Бұл мәселеге қатысты Жер комитетінің төрағасы, ҚР жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы Мұрат Теміржанов Facebook желісінде мәлімдеме жасады деп хабарлайды, Caravan.kz медиа порталы.

"Әлеуметтік желіде жарияланған Қытай елінің сайтындағы Қазақстан аумағындағы жерлердің сатылатындығы туралы ақпарат жалған екендігін мәлімдейміз. Сонымен қатар, Кодекстің 38-бабының 5-тармағына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға уақытша жер пайдалану құқығымен тиесілі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін кейінгі жер пайдалануға (субарендаға) беруге жол берілмейді.

Егер кез келген субъектілер тарапынан аталған заң нормаларын бұзу деректері анықталған жағдайда оларға жол берген субъектілер заңнама талаптарына сәйкес жауапқа тартылады және бұл мәселе министрліктің тұрақты бақылауында", — деді ол.


var SVG_ICONS = ' ';