ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Бізде дін саласында ғалымдар жоқ. Шетелден жюри әкелу керек - исламтанушы

04.04.2023 18:04
Опубликовано в Қаз




Исламтанушы, теолог Асқар Сәбдин дін саласында ғалымдар жоқ екенін, діни салаға шетелден "жюри" әкелу керекін айтты.


Сонымен қатар, оқушылардың ораза ұстауына қатысты тоқталды, деп жазды Caravan.kz медиа порталы "Сұрауы бар" бағдарламасына сілтеме жасап.

Исламтанушы, теолог Асқар Сәбдин дін саладағы көптің көкейінде жүрген сұрақтарға жауап берді.

- Екі миллион оқырманы бар Жанат Бақыттың «Алла кетті, жаратушы келді»,-деген пікірін жоққа шығарды. Ол өз айтқанын өзі ғана түсінетін шығар. Бұл Жанат Бақыт "Алла кетті" деген соң ғана, мүфтият пікірін білдіріп, тоқтау қойды. Мұндай теріс ағымдағыларға әу бастан тосқауыл қою керек еді. Осындайларға уақытында тоқтатпаған соң, бұлар көбейіп кетіп отыр, деді.

- Оқушылардың ораза ұстағаны дұрыс па? Сабақта ұйықтап қалады, бастарына білім бармайды?

- Егер кәмелетке жеткен 11 сынып оқушысы өз еркімен, ниет етіп, Алла үшін ораза ұстаса, ол жерде оған кедергі жоқ деп есептеймін. Бірақ, дін мен білімді қайшы көрстеуден сақтану керек. Бір-бірімен қарама-қайшы қылмау керек. Көп жағдайда естиміз ғой, мешіт салғанша, мектеп салмай ма деп. Мектеп те салу керек. Мектеп салу мемлекеттің міндеті. Ал, мешітті қоғам өзі салып жатыр. Қоғамға, қоғамдық бірлестіктерге мемлекеттің функциясы жүктелмейді. Сондықтан, дін мен ғылымды бір-біріне қарама-қайшы қоймау керек, дейді теолог.

Сонымен қатар, Асқар Сәбдин дін саласында ғалымдар жоқ дейді. Олар құран оқыған кезде бір аяттың өзінен үш қате жібереді.


var SVG_ICONS = ' ';