ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады

11.03.2024 04:28
Опубликовано в Аналитика

Мемлекет басшысының сөзінше халқымыз үшін Қасиетті оразаның мән-маңызы айрықша.

Бұл – қоғамда имандылық, адалдық, жанашырлық, мейірімділік сияқты мызғымас құндылықтарға барынша мән берілетін кезең. Бүкіл мұсылман қауымының ынтымағы артып, бір-біріне бауырмалдығы айқын көрінетін мезгіл, деп атап өтті президент.

"Ораза айы рухани тазаруға, мұқтаж жандарға көмек қолын созып, қайырымдылық жасауға үндейді. Сол арқылы барша адамзаттың береке-бірлігі нығая түсуіне ықпал етеді. Дін мен дәстүр сабақтастығын берік ұстанатын ел татулығын, тұрақтылығы мен тыныштығын сақтап, кез келген сын-қатерден сүрінбей өте алады. Мен Қазақстан халқының әрдайым рухани үндестікте өмір сүріп, болашаққа нық қадам басатынына сенемін. Ораза қабыл болсын! Баршаңызға зор денсаулық, амандық, толайым табыс тілеймін!" Қасым-Жомарт Тоқаев

Бұған дейін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 5-6 сәуірге қараған түн – Қадыр түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі екенін айтқан.

Пітір садақа ел бойынша 640 теңге (екі келі ұнның орташа бағасы) болып бекітілді.

Сурет: akorda.kz

var SVG_ICONS = ' ';