ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

"Майамиде арзан": Алматыдағы элиталы пәтерлер мен оның бағалары көптің күлкісін келтірді

11.03.2023 10:36
Опубликовано в Қаз




Желіде Алматыдағы миллиард теңгеден астам қаражатқа сатылып жатқан пәтерлер сөз болды. Жұрт мұхиттың жағасындағы Майамидегі үйлер бұдан арзанырақ екенін айтып, Қазақстандағы пәтер бағалары "жөнімен кеткен" деп сөгіп жатыр.


Сайттағы хабарландырудан қалталыларға арналған пәтерлердің көбі Алматының элиталы аумағы саналатын Esentai Apartments тұрғын үй кешенінде екенін байқауға болады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

Егер 1 678 000 000 теңгеңіз болса, ауданы 210 м² болатын 4 бөлмелі монолитті үлгідегі пәтерді қарауыңызға болады екен. Жиһаз бен тұрмыстық техникалар осы ақыға кіреді. Жарнамасында жазылғандай, пәтердің бағасын аспандатып тұрған артықшылығы тау көрінетін панарамалы терезелері болса керек.

Дегенімен,бұған желі қолданушыларының бірі күліп, бірі сынның астына алып жатыр. "Недеген бетімен кеткен баға", "Бұл бағаға шетелден вилла алуға болады", "Түркістаннан тұрғын үй кешенін салып алар ем", "1000 теңгем жетпей тұр. Алар едім", "Майамиде арзан" дейді көпшілік.

Халықтың сөзі рас болып шықты. Мұхит жағалауынан 100 метр қашықтықтағы апартаменттен 689 000 долларға (теңгеге шаққанда 302 174 730-ға) пәтер алуға болады екен. Майамидегі бұл пәтерде ас үйі мен қонақ бөлмесі, 2 жатын бөлмесі және 2 жуынатын бөлмесі бар. Аталған бағаға салтанаты келіскен жиһаздары да кіреді.


var SVG_ICONS = ' ';