ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

БАҚ: Финалда Димаштың микрофоны істемей, даусы бәсеңдеп қалған

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Hunan TV арнасынан көрсетілген «Singer 2017» ән байқауының финалында Димаштың микрофоны істемей қалып, даусы бәсеңдеп қалған.

Бұл туралы Қытайдың www.hsbaodi.com сайтына сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады.

Желі қолданушыларының пікіріне сүйенсек, әннің соңына қарай Димаштың дауысы мүлдем бәсеңдеп кеткен. Майкл Джексонның әнін орындау кезінде Димаштың жұбы Шаң Венженің (Лаурэ Чанг) дауысы басым естілген.

«Сонымен қатар, тағы бір қытай әншісі Джаң Бичын де ән айтып келе жатып, ортасына келгенде микрофоннан ақау шығып, дауысы мүлдем естілмей қалды. Осылайша, әнші микрофонды жақындатып айтуға тырысты.

Желі қолданушыларының болжамы бойынша, Джаң Бичын сахнаға шығып ән айтып жатқан кезде, микрофоннан ақау шыққанын сезіп, микрофонға жақындау арқылы өзінің дауысын көтермек болған. Екеуі де айтарлықтай танымал әрі мықты әншілер, сахнада микрофоннан ақау туындағанына қарамастан, олар жақсы өнер көрсете алды. Соңында Димаш екінші орынға ие болып, Джаң Бичын алтыншы орын алды. Бұл айтарлықтай жақсы нәтиже», – деп жазады Қытай сайты.

var SVG_ICONS = ' ';