ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Қытай баласы "Атамекен-ай" әнін орындап, жұртты таң қалдырды

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Қытай баласы қазақша әнді керемет орындап шықты. Осыны көрсететін видео қазір әлеуметтік желіде тарап жатыр.

Caravan.kz тілшісі бұл бейнежазбаны белгілі әнші, Ақтөбе облыстық мәдениет басқармасының басшысы Қанат Айтбаевтың Фейсбуктегі парақшасынан көрді. Ал видеоның астына көптеген пікір жазылған. Барлығы дерлік балаға сүйсініп қалғанын айтқан. Бірақ кейбіреулер бұдан саяси астар іздейтін сияқты. Мысалы, Сандуғаш Бисенғалиева: "Қытайлық "Атамекен-ай" дегенде, кəдімгі біртүрлі жеріме деген қызғаныш пайда боп кетті жүрегімде" депті.

Ал Асылхан Байғозиев: "Соңғы кезде қытайлықтар қазақ əніне құмар болып жүр-ау, шамасы" дейді.

Айта кетейік, "Атамекен-ай" әні әйгілі әнші Роза Рымбаеваның орындауы арқылы кең таралды. Әуенін Жанбота Тұяқбаев, сөзін Шөмішбай Сариев жазған.

ҚЫТАЙ БАЛАСЫ ҚАЗАҚША ӘНДІ КЕРЕМЕТ ОРЫНДАЙДЫ!

Posted by Канат Айтбаев on Sunday, December 11, 2016

var SVG_ICONS = ' ';