ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Грузин қыздары қазақша ән айтып, жұртты тамсандырды

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Ғаламторда кезекті қызық видео пайда болды. Онда грузиннің әлеуметтік желіде әйгілі болған, қыздардан құралған "Мандили" триосы қазақ әншісі Бейбіт Мұсаевпен бірге қазақша ән айтып тұр.

Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.

"Мандили" триосы. Triomandili.com сайтынан

Грузиннің үш қызы қосылып ән айтқандырының видео-селфиін YouTube-ке жариялау арқылы танымал болған. Сол кезде олар әлемге әйгілі боламыз деп ойламаған да екен. Ал ғаламтордағы бейнежазбаны миллиондаған адам көрген. Қазір олар құрған "Мандили" триосын дүние жүзі таниды.

Бейбіт Мұсаев. Kaztrk.kz сайтынан
Бейбіт Мұсаев. Kaztrk.kz сайтынан

Ал 32 жастағы Бейбіт Мұсаев 2004 жылы Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжін, 2008 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясын тәмамдаған. 2011 жылдан бері Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясында жеке дауыстағы әнші болып қызмет етеді.

After super performance with super Kazakh singer Beibit Musa #beibitmusa! <3

Posted by Trio Mandili on Thursday, December 1, 2016

var SVG_ICONS = ' ';