ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Баян Есентаева пластикалық ота жасатпақ па?

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Танымал продюсер Баян Есентаева Вконтакте әлеуметтік желісіндегі парақшасына пластикалық дәрігермен түскен суретін жариялады.

Ол жерде продюсер: "Сіздерді Қазақстандағы ең мықты пластикалық хирургпен таныстырғым келеді!!! Жоғары дәрежелі маманның қолына түссеңіз, еш алаңдамауға болады!" — деп жазба қалдырған.

Естеріңізге сала кетсек, маусымның 10-ы күні Баян Есентаеваны күйеуі соққыға жығып, үш жерінен пышақтаған болатын. Артынша продюсерге 3 сағат бойы ота жасалып, күйеуі Бақытбек Есентаев қамауға алынған-ды. Қайғылы оқиға Талғар ауданын трассасында болған. Продюсер маусымның 19-ы күні ауруханадан шығарылды.

var SVG_ICONS = ' ';