"Әкесінің қайтыс болғаны жақында ғана": Жартылай жалаңаш мүсінін көрсеткен Баян Мақсатқызы сынға қалды
11.03.2023 10:30
Опубликовано в
Қаз
Мүсінін көрсетіп мақтанған танымал продюссер Баян Мақсатқызы елдің сынына қалды. |
Көпшілік әкесінің жуырда ғана дүниеден өткенін айтып, Баян Мақсатқызының желіге жариялаған суретін сынап тастады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
"Менің анам үнемі "Көрсететін дүниең болса, неге көрсетпеске" деп айтады", - деген жазбасында.
Ал, желі қолданушылары "Күйеуіне көрсет", "Ұят", "Жетіскен екен", "Әкесі жақында ғана қайтыс болды емес пе, мына тірлігі несі" деген сынды пікірлерін жазып жатыр.