ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

“Айман-Шолпан” телехикаясында Бақаева егіз қыздардың рөлін сомдайтын болды

10.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

“Көркем фильм” кинокомпаниясы “Айман-Шолпан” атты 100 бөлімнен тұратын телехикаяның түсірілім жұмыстарын бастады. Аталған туынды болмысы бір-біріне мүлдем қарама-қайшы егіздердің тағдырын баяндайды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Телехикаяда екі егіз қыздардың рөлін Салтанат Бақаева бір өзі сомдайды. Бүгін түсірілім командасы мен актёрлар БАҚ өкілдерімен кездесіп, түрлі қызықтарымен бөлісіп, оқиғаның қалай өрбитіндігін айтты. Мұнымен қатар, режиссёрлер мен продюсерлер кастинг пен телехикаяның идеясына қатысты тың жаңалықтармен бөлісті.

“Қазақстан” ұлттық арнасының тапсырысымен “Көркем фильм” кинокомпаниясы 100 бөлімнен тұратын “Айман-Шолпан” атты телехикаяның түсірілім жұмыстарын бастады. Әсерлі туынды бір-біріне мүлдем ұқсамайтын, екі бөлек әлемде өмір сүріп жатқан егіз бойжеткендердің тағдырын баяндайды.

Олар кездейсоқ жолығып, сол сәттен бастап өмірлері түбегейлі өзгереді. Бұрын-соңды айтылмаған құпиялардың беті ашылады. Түрлі қиындықпен бетпе-бет кездеседі. Ал бұл сындарға кейіпкерлердің қалай төтеп беретіндері әзірге белгісіз. Мұны авторлар мен сценарийшілер құпия қалдыруды жөн көрді.

Аталған телехикаяға актёрларды Қазақстаннан бөлек, Лондон, Татарстан және Барселонадан іздеген. Бастапқыда егіз қыздың рөлін екі бөлек адам сомдайды деп жоспарланған. Тіпті 80-нен астам жұп кастингке келген. Ешқайсысы режиссёрлердің көңілінен шықпағандықтан, Салтанат Бақаеваны арнайы шақыртқан. Продюсерлердің сөзіне сенсек, актриса көп ойланбастан келіскен.

2
3
1
8

“Сапалы туынды ұсынғымыз келгендіктен, бастапқыда егіз қыздарды іздедік. Мұнымен қатар, тапсырыс беруші де халыққа танылып үлгермеген актёрлардің қатысқанын қалады. Осылайша, 20 мен 30 жас арасындағы егіз қыздарға кастинг жарияладық. Олардың көптігі сондай, тіпті бір шоу түсіріп жіберуге болатын еді.

Актёрлық шеберліктеріне, қимыл-қозғалыстарына қарап 79 жұпты таңдадық. Бір жағынан түсірілім жұмыстарының әр жерде өтітінін білдік. Оның үстіне барлығын аз уақытқа жоспарлаған болатынбыз. Артынша кәсіпқой емес актёрлармен жұмыс істеудің қиынға соғатынын түсіндік. Өйткені актёрлар күнделікті 13 сағатқа жуық уақыт жұмыс істейді.

Күн сайын жаңа мәтінмен танысып, оны бірден жаттап алып отырады. Осыған орай, не егіз қыздармен, не бір кәсіби актрисамен жұмыс істейміз деген таңдау тұрды. Нәтижесінде Салтанат Бақаеваны шақыруды жөн көрдік”, – дейді телехикая продюсері Рүстам Азаматов.

Түсірілім жұмыстары мамырдың 16-сы күні басталған. Режиссёрлар тығыз жұмыс кестесінің актёрларға айтарлықтай ауырлық түсіріп жатқанын айтады. Десе де, олар барлық қиындыққа төзіп, өзгелердің сенімін ақтаса керек.

5
6
9

Бүгінде 10 айлық сәбиін бауырына басқан Салтанат Бақаева арасында үйіне барып баласын тамақтандырып келеді екен. Режиссёр оның өз ісіне деген ерекше құштарлығына қайран қалғанын жеткізді.

13

“Егіздердің рөлін сомдау кәсіби деңгейдегі актрисаларға да қиынға соғады. Бірнеше ай бойы екі бөлек адамның жүру мәнерін, киіну стилін, сөз саптауын айнытпай салуына тура келеді. Салтанат кейде бір күн ішінде Айманның да, Шолпанның да рөлін сомдайды. Арасында сәбиін емізу үшін үйіне дайын көлікпен барып келеді. Жолда мәтінді жаттайды. Мұнда актёрлар күнделікті 13 сағатта жуық жұмыс істейді. Толықметражды фильмде бір күнде 4-5 сахна ойналса, мұнда 10-14-ке дейін барады. Жады жақсы болғандықтан, кәсіби актёрларды таңдауды жөн көрдік. Ал көшеден келген актёрлар мұндай жобаларға шыдай алмайды”, – дейді режиссёр Айбек Дайырбеков.

Телехикаяның монтаж жұмыстары күнделікті түсіріліммен қатар жүргізіліп отырады. Оның 60-70%-ы “Көркем фильм” аумағында, қалғаны Алматы қаласының әр жерінде түсіріледі. Бүгінде түсірілімнің үшінші аптасы өз жалғасын тауып жатыр екен.

Драма жанрында түсіріліп жатқан телехикаяға үнемі өзгерістер енгізілетін көрінеді. Актёрлар мен сценаристер бірігіп арасында тың идеялар кірістіріп отырады екен. Ал әзірге телехикаяның немен аяқталатыны толықтай белгісіз. Десе де, идея авторлары мен сценарийшілер барлығы көрерменнің көңілінен шығады деп сендірді.

11
10
7
16
15
17

“Екі кейіпкерім бір-біріне ұқсап кетпесін деген оймен оларды іштей жіті бақылаймын. Мұнымен қатар, режиссёрларға “Айманның мынандай әдеттер бар, олар Шолпанға кетіп қалып жүрмесін” немесе монтаж жасап жатқан кезде маған хабарласып “Салтанат, сен мына қылықты көп істеп жібердің. Мұндайды қайталама” деп ескертеді”, – дейді актриса.

Бұл образдардың бір-бірінен даралануына бүкіл команда атсалысып жатыр. Жақсы болып шықса екен деген оймен барлығымыз тырысудамыз. Алла бұйыртып, барлығы ойдағыдай болады деген ниеттемін. Мұндай үлкен жобаға өзім бірінші рет қатысып тұрмын. 100 серия деген шын мәнінде оңай емес. Ең бастысы, көрерменді ұстай алу. Менің ойымша, біздің сценарий өте қызық. Өзі сондай шытырман оқиғаға толы. Мүмкіндігімше көп бөлігімен танысып та үлгердім”, – дейді Салтанат Бақаева.

Өз рөліне көңілі толатын актёрлардың бірі – Ұлан Нүсіпәлі. Ол да өз кейіпкерінің шытырман оқиғалардың арасында жүретінін айтады. Жағымсыз әрекеттер жасаса да, әйел қауымының көңілінен шығатын рөл екенін жеткізді.

“Мен басты рөлдердің бірін сомдаймын. Сомдайтын кейіпкерім атасының арқасында қызметке келген. Дүние-байлық үшін жанын беріп күреседі. Өзі ақша мен байлықтан өзгені керек етпейтін жағымсыз кейіпкер. Десе де, өзінің көңілдесін жақсы көретін ерекше қасиеті бар”, – дейді Ұлан Нүсіпәлі. Ол телехикаяда Берен Тайырұлы Мұсафиннің рөлін сомдайды.

14
4

Жобаның бас продюсері – Рустам Азаматов, сценарий авторы – Рашид Сүлейменов, Әлбина Ахметова және Светлана Петрейчук. Қоюшы-режиссерлер – Айбек Дайырбеков пен Ержан Рүстембеков.

Фильмде Салтанаттан бөлек, Оразхан Кенебаев, Ұлан Нүсіпәлі, Зибагүл Карина, Үсіпхан Сейтімбет және Кәмиля Байтілеуова сынды танымал актёрлар мен актрисалар ойнайды. Телехикая көрермендерге күз айларында жол тартпақ.

var SVG_ICONS = ' ';