ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Қарағандыда анасы мен қызы өлі табылды: қылмыстық іс жабылды

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Қарағанды полициясы Екатерина Шпаковская мен оның жеті жасар қызы Софияның өліміне қатысты қылмыстық істі тоқтатты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Сот-медициналық сараптамасы барысында әйел мен қыздан дене жарақаты анықталмады. Жүргізілген тергеу-жедел іс-шарасы кісі өлтіру болмағанын анықтады. Қылмыстық іс ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 35-бабына сәйкес қылмыстық құқық бұзушылық оқиғасының болмауына байланысты тоқтатылды", — деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ, мамандардың өлімнің нақты себебін анықтай алмағаны белгілі болды.

Еске салайық, бұған дейін Қарағандыда әйел мен оның 7 жасар қызының денесін орман алқабынан табылғаны хабарланған болатын. Анасы мен қызы орманда қанша уақыт жатқаны белгісіз.

var SVG_ICONS = ' ';