Бас санитария дәрігері қазақстандық ата-аналарға үндеу жасады
09.03.2023 00:00 Вице-министрдің айтуынша, балалар арасында тұмау көп тіркелген. |
Бас санитария дәрігер — Денсаулық сақтау вице-министрі Айжан Есмағамбетова балалар арасында тұмаудың өршуіне байланысты Қазақстан халқына үндеу жолдады, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Вице-министрдің айтуынша, эпидемиялық маусым басталғалы, яғни 1 қазаннан бері Қазақстанда 2,2 миллион жіті респираторлық вирустық инфекциялар және 2 284 тұмау жағдайы тіркелген, аурудың 65 пайызы 14 жасқа дейінгі балаларда кездескен.
Бас санитария дәрігері Қазақстан халқына балаларды адам көп жиналатын жерлерге апармауды сұрап үндеу жолдады.
"Ата-аналарға өтініш айтқым келеді. Бүгінгі күні барлық әлеуметтік желілерде балалардың дене қызуы көтеріліп, оны түсіру қиынға соғатыны туралы ақпарат толып жатыр. Өтініш, қазіргі жағдайды ескеріп, балалардың денсаулығына абай болыңыздар. ЖРВИ және тұмау балаларда асқынып тұр. Жаңа жыл мерекесі кезінде және қаңтарда аурушаңдықтың жоғарылауына байланысты балаларды мектеп пен балабақшаға, сауда орталықтарына және басқа да адам көп жиналатын орындарға апармаңыздар", — деді Айжан Есмағамбетова.