ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

“Назарда тек сандар ғана болды”: Досаев балалармен сотталған бапкерлер жұмыс істеді делінген Аrtsport бағдарламасы туралы айтты

22.06.2023 18:06
Опубликовано в Қаз




Алматы әкімі бағдарламасына қатысты жағдайға түсініктеме берді.


Сөзінше бағдарлама тиісті қорытынды жасауға көмектескен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап.

Ерболат Досаев дәл осы бағдарлама көп шағым тудырғанын айтты. Яғни балаларға бірнеше ваучер берілген, сабаққа қатысуды қадағалау мүмкін болмаған және сабаққа қатысу туралы табельдердегі деректер оңай қолдан жасалған.

"Адамдар алданды,өйткені нақты талаптар жоқ: сенің тиісті біліктілігің, қажетті сертификаттарың бар ма, балалармен жұмыс істей аласың ба? Мұнда басты назарда тек сандар ғана болды. Қанша адам жұмыс істесе, балалар саны да соншлықты еді. Әрі срл санға қарай ақша төленді. Біз бұл жағдайдан барлық тиісті қорытынды жасадық", — деді қала әкімі.

Сондай-ақ, ол балалармен сотталған бапкерлердің жұмыс істеу мәселесіне де тоқталды. Сөзінше балалардың ата-аналарынан кәмелетке толмағандарға қатысты заңсыз әрекеттер туралы құқық қорғау органдарына бірде-бір өтініш түспеген.

Ерболат Досаев қажет болған жағдайда және осындай фактілер анықталған кезде отбасыларға қолдау көрсетілетініне сендірді.

Қазір тегін үйірмелер мен секциялар бағытында DamuBala жобасы іске қосылған. Жаңа бағдарламаны іске асыру үшін 20 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді. Қазіргі уақытта 65 086 бала ваучер алды. Кезек бюджет қаражатының босауына сәйкес жүретін болады.

Еске салайық, бұған дейін Алматы қаласы прокуратурасы Аrtsport бағдарламасын тексеру кезінде бірқатар заң бұзушылықтар анықтаған.


var SVG_ICONS = ' ';