ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Түркістанда мешіттің жәшігінен ақша ұрлаған азамат ұсталды

09.03.2023 00:00
Опубликовано в Қаз

Түркістанда мешіттің садақа жәшігінен ақша ұрлаған ер адам ұсталды. Жетісай полициясына арызданған жергілікті тұрғынның айтуынша, белгісіз біреулер аудандағы мешіттің жәшігінен 50 мың теңге ақшаны жымқырып кеткен.

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған жайт бірден ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркелді. Тәртіп сақшылары аулаларды аралап, куәлардан жауап алып, мешіт пен көшеде орнатылған бейнебақылау камераларын тексерді.

Нәтижесінде күдіктіні көрші ауылдан анықтады. Ол жұмыссыз, жергілікті тұрғын болып шықты. Қазіргі уақытта күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

var SVG_ICONS = ' ';