ТОП новости

Теги

Дарданеллы жестовый перевод жестовый язык MEGOGO нарушитель ПДД многомиллионые штрафы товаропроизводители Против коррупции возврат налогов уплата налогов Департамент государственных доходов ущелье Горельник отношение к природе экотуризм отстрел сайгаков контроль популяции правовой институт Таможенный союз подстанция закрытие организаций навязывание сборов цифовой формат данные школьников удостоверение личности Караганды Су управление городского планирования Сейфуллина Тимирязева сорокаэтажное здание утверждение планов управление пастбищами авторское право снимки расширение перечня комментарий Минторговли маркировка товара принятие законопроекта инвестпроект спортивная гимнастика посмертное донорство оплата услуг очереди Дархан Жазыкбай Центральная Азия – Китай Гизат Нурдаулетов Совбез лучшая семья Мерейлі отбасы 2025 Земфира 30 лет конституции

Абай облысының ауданында заманауи медициналық қондырғылар орнатылды

12.02.2025 12:52
Опубликовано в Общество

Қалбатауда компьютерлік томография іске қосылды.

Мәселен, Жарма аудандық ауруханасы компьютерлік томографияны іске қосты. Шараға аудан әкімі Нұрлан Борсықбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Сәбитов, аурухана ұжымы мен ардагер дәрігерлер қатысты.

"Компьютерлік томография аппаратына ауданымыз алғаш рет қол жеткізіп отыр. Бұрын емделушілерді қалаға жіберетінбіз. Енді сырқатқа диагностикалауды өзімізде жасай аламыз. Қажетті дәрігеріміз бар. Жергілікті маманды аппараттың қыр-сырын меңгеру үшін арнайы Астана қаласында оқытып жатырмыз", -деді аудандық аурухананың бас дәрігері Ерік Исабеков.

Компьютерлік томография ішкі органдар мен тіндер бейнелерінің жоғары дәлдігі мен нақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл дәрігерлерге әртүрлі ауруларды неғұрлым дәл диагностикалауға және мониторингілеуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Жарма ауданы бойынша орталық ауруханадан бөлек 3 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт, 10 медициналық пункт тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Естеріңізде болса, өткен жылдың соңында дәл осындай компьютерлік томография аппараты Мақаншы ауданына қойылған болатын. Енді кезекте Ақсуат ауданына орнату жоспарда тұр.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

var SVG_ICONS = ' ';