ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Абай облысында басты шыршаның шамы жағылды

21.12.2023 07:11
Опубликовано в Культура

Семейде Орталық алаңда шырша шамы жағылды.

Шырша биіктігі 19 метрді құрайды. Жаңа жыл мерекесінің нышанын безендіруге 2000 метрден астам жарықдиодты гирляндалар пайдаланылды және жүзден астам түрлі ойыншықтар ілінді.

Қала тұрғындарына ертегі кейіпкерлерінің, би ұжымдарының, Мәдениет үйінің әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама ұсынылды. Аяз Ата мен Ақшақар балаларға ертегідей көңіл-күй сыйлады.

Айта кетсек, қаланың аудандарында түрлі шағын архитектуралық нысандар орнатылған.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

var SVG_ICONS = ' ';