Елімізде ипотека рәсімдеушілер саны күрт өсті
28.09.2023 06:46
Опубликовано в
Криминал
Биыл тамызда ипотекалық кредит бойынша елімізде рекорд орнады. Бірінші кредиттік бюроның мәліметіне сүйенсек, бір айда заем мөлшері бірден 27 %-ке артқан. Республика азаматтары жалпы сомасы 191 млрд теңгеден аса ипотекалық заем рәсімдепті. Қарыз алушылар банкке қайтаратын сома — осы. Тамызда келісімшарт саны 12.7 мыңға артып, ипотека төлейтіндер 25 %-ке көбейді. Тамыз айында шілдеге қарағанда заем алушылар төрт есе көп. Салыстырмалы түрде 2023 жылдың алғашқы жарты жылдығында тұрғындар 21.6 мың ипотекалық кредит рәсімдеп, өсім небәрі 4.4 % болғанын айта кетейік.