«Бәрі бітті»: Жахан Отарғалиевтің Балжан Бидашпен айырылысып кеткені рас па?
21.08.2023 18:08
Опубликовано в
Криминал
Танымал актёр, әзілкеш Жахан Отарғалиев желіде елді елең еткізер жаңалықпен бөлісіп, көпті ойландырып қойды. |
Көпшілік оны әйелі Балжан Бидашпен айырылысып кетті деп болжауда, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Актёр желідегі парақшасында «Бәрі бітті» деген Stories қалдырған. Көпшілік оны жеке өміріне қатысты жаңалығы деп топшылаған. Олар актёр мүмкін әйелі Балжан Бидашпен айырылысып кетті деп болжауда.
Десе де желі қолданушыларының кейбірі оны хайпқа балап отыр.
«Өтірік, жай хайп қой», «Күзде жаңа фильмінің тұсаукесері болады, соның алдында ел назарын өзіне аударудың жолы ғой», «Не болса да өздері шешсін» деп жазды олар.