Танымал тарихшы қоғамдағы трайбализм жайлы: «30 жылда ру ішінде қолдан жасалған батырлар көп»
15.08.2023 18:10 Танымал тарихшы Елдос Тоқтарбай «Уақыт көрсетеді» бағдарламасына берген сұхбатында қоғамдағы трайбализм жайлы да ойын айтты. |
Оның сөзінше еліміз тәуелсіздік алған жылдары әр рудан шыққан батырлар көбейген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
Бұл туралы ойын белгілі алаштанушы бағдарлама барысында айтты.
«Бізде ақшасы барлар бәрін сатып ала алады деген түсінік қалыптасқан. Тіпті олар тарихты да қолдан жаздырып ала алады деген үмітте. Мен ондай нәрсеге өз басым қарсымын. Қолдан батыр жасауға, өкінішке орай 30 жылда рудың ішінен қолдан жасалып кеткен батырлар көп. Шынайы тарихи тұлғаларымыздан бүгінгі қолдан жасалған батырлардың қайсы қазаққа еңбек етті дегенді айыра алмай деңгейге жеттік. Мұның арты трайбализм, рушылдыққа әкеледі. Ұлт ретінде қалыптаспауға алып келеді, біз әлі ұлт ретінде қалыптаспадық», — деді ол.