ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

1 қыркүйекте Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды

31.08.2023 18:09
Опубликовано в Қаз

1 қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шараға Мәжіліс пен Сенат депутаттарымен бірге орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық Құрылтайдың, Адам құқықтары жөніндегі комиссияның, Әйел істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшелері, қоғам және еңбек ұжымдарының өкілдері қатысады.

Жолдаудың тікелей эфирі сағат 11:00-де республикалық телеарналарда, сондай-ақ Ақорданың ресми сайтында, Ақорданың әлеуметтік желілердегі аккаунттарында басталады.

var SVG_ICONS = ' ';