ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Оралда 18 жастағы жалдамалы алаяқ ұсталды

09.08.2023 18:05
Опубликовано в Қаз

Оралда 18 жастағы М. есімді жалдамалы алаяқ ұсталды.

Ол Telegram қосымшасы арқылы жұмысқа тұрған. Сондай-ақ, қызметі адам алдауға байланысты екенін біле тұра, алданған адамдардың ақшаларын алаяқтарға жеткізіп отырған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы polisia.kz-ке сілтеме жасап.

3 тамызда сағат 11:00 кезінде өзін полиция қызметкерімін деп таныстырған белгісіз адам жол апатына кінәлі деп танылған туысын қылмыстық жауапкершілікке тартпау туралы мәселені шешуге көмектесемін деген желеумен түрлі нөмірлерден қоңырау шалып, алдау жолымен 75 жастағы зейнеткердің қаражатын иемденген. Алаяқтар курьер арқылы ақшаны өздерінің қанжығаларына басып отырған.

Алаяқтар алдымен курьердің көмегімен 3 500 еуро мен 3 500 доллар көлеміндегі ақшаны иемденсе, кейін қайта телефон соғып, қосымша 8 миллион теңге талап еткен. Екінші жағдайда, «дропперлер» алаяқтарға Орал қаласының 80 жастағы тұрғынына тиесілі 4 мың АҚШ доллары мен 68 мың рубль ақшасын берген.

«Қылмыстың желісі біріншісіне ұқсас. Бұл жағдайда да алаяқтар туыстарын жауапкершілікке тартпау мәселесін шешу үшін ақша талап еткен. Қоңырау шалғандар «шабарман» жіберетіндерін, ешқайда барудың қажеті жоқ екенін айтқан. Бұл деректерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Қазір ұсталған азаматтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға бар-жоғы анықталып жатыр.

var SVG_ICONS = ' ';