"Қазақ халқының әрбір салт-дәстүрі Құраннан, хадистен шыққан" - имам
03.08.2023 19:47
Опубликовано в
Қаз
Инстаграм желісінде марқұм Абдусаттар Смановтың уағызы әлеуметтік желіде тарап кетті. |
Ол қазақ халқының салт-дәстүрі Құраннан шығатынын айтты.
"Жеті атаны қайдан тапты? Жеті атан тапқаным, мына хадистен тапқаным. Пайғамбарымыз "бөтеннен алыңдар" деген. Неке тұрған кезде бөтеннен алыңдар. "Бөтеннен алсаңдар, дендерің сау болады" дейді. Есептеп келген кезде жеті атадан кейін бөтен болады екен. Қазақ халқының әрбір салт-дәстүрі не Құраннан, не хадистен шыққан. Тексеріп келетін болсақ, халқымыздың әрбір амалы Құранға, хадиске сай келеді екен", — дейді имам Сманов.