ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Шекара бекеттеріндегі жөндеуге байланысты көлік пен адамдардың өтуі шектеледі

26.07.2023 18:12
Опубликовано в Қаз




Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен шекарадағы өткізу пунктерінің қабілеті 8 есеге ұлғайтылады.


Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Бақылау департаментінің директоры Елдос Саудабаев айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.

«Біздің басым мақсаттарымыздың бірі – Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің кедендік шекарасында орналасқан өткізу пунктерінің инфрақұрылымдық міндеттерін шешу. Өткен жылдан бастап барлық 10 өткізу пункті бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары басталды. Өзбек тарапының келісімімен «Қапланбек» (Қазақстан) және «Зангиота» (Өзбекстан) автомобиль өткізу пунктері реконструкцияға толығымен жабылды», — деді Елдос Саудабаев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше, қалған өткізу пунктерінде қайта жаңарту жаппай жүргізіледі. Автокөлік пен жеке тұлғалардың қозғалысы шектеледі. Барлық өткізу пунктерін қайта жаңартуды 2024 жылдың соңында аяқтау жоспарланған.

«Жобаны іске асыру аясында өткізу қабілеті 8 есеге дейін ұлғайтылады, уақыт қысқарады және сыбайлас жемқорлық тәуекелдері барынша азайтылады. Өткізу пунктерін жаңғырту аяқталғаннан кейін олардың барлық инфрақұрылым мәселесі шешіледі. Шекарадан ыңғайлы өту және бақылауды жеделдетіп жүргізу үшін барлық жағдай жасалады», — деді департамент директоры.


var SVG_ICONS = ' ';