ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Бірінші сыныпқа құжат қабылдау қашан аяқталатыны белгілі болды

25.07.2023 18:05
Опубликовано в Қаз




Алдын ала болжам бойынша, жаңа оқу жылында 410 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады.


ҚР Оқу-ағарту министрлігінің орта білім комитеті 1-сыныпқа құжаттарды қабылдау бір аптадан соң яғни 2023 жылдың 1 тамызында аяқталатынын ескертті.

Өтініш беріп үлгермегендер құжаттарды Еgov.kz электронды үкімет веб-порталы және жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелері арқылы тапсыра алады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Massaget.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші сыныпқа балалар 6 жастан бастап ата-анасының немесе баланың заңды өкілінің өтініші негізінде қабылданады. Сондай-ақ денсаулық жағдайы туралы құжаттар (026/у-3 нысаны және 065/у) және 3х4 өлшемді 2 фотосурет қоса беріледі.

Айта кетейік, құжаттарды қабылдау 1 сәуірден басталып, 4 айда 350 453 өтініш түсті, бірінші сыныпқа қабылданған балалардың 71,2 пайызы қазақ тілінде оқытатын мектептерді таңдаған.


var SVG_ICONS = ' ';