ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Тендер арқылы алынатын сапасыз витамин спортшылардың нәтижесіне әсер етіп отыр

20.07.2023 18:15
Опубликовано в Қаз




Қазір мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелер дәрумендерді, медициналық препараттар және диеталық қоспаларды мемлекеттік сатып алу арқылы алады.


Мұнда сапа емес, баға басты рөл атқарады және бұл сәйкесінше спортшыларды даярлау сапасына әсер етеді. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі жарияланған реттеушілік саясаттың консультативтік құжатында жызылған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат — қа сілтеме жасап.

«Тиімді спорттық жетістіктерге әсер ететін негізгі факторлардың бірі — спортшыны дұрыс витаминмен және медициналық қамтамасыз ету. Алайда, қазіргі уақытта мемлекеттік және квазимемлекеттік мекемелердің дәрумендерді, медициналық препараттарды және диеталық қоспаларды сатып алуы «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР Заңының нормаларына сәйкес жүргізіледі. Мұнда сапа емес, баға басты рөл атқарады және бұл сәйкесінше спортшыларды даярлау сапасына әсер етеді. Өйткені, спортшыны даярлау, оны тезірек оңалту, спортшыны қалпына келтіру кезінде жоғары сапалы дәрумендер мен диеталық қоспалар, медициналық препараттар қажет. Бірақ тауарлардың бағасына назар аударған кезде сапа қажетті талаптарға сәйкес келмейді. Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы органдар құрама командаларды қамтамасыз ету кезінде орындаушылар тарапынан сапасыз орындау проблемаларына тап болады, өйткені негізгі фактор бағада болып отыр», — делінген консультативтік құжатта.

Осыған байланысты ведомство ҚР ұлттық және құрама командаларының спортшылары үшін қажетті спорттық жабдықтар, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу жөніндегі нормаларға өзгеріс енгізу керек деп санайды.

Бұған қоса, тиісті құжатта 2000-2021 жылдар аралығында Олимпиада ойындарында ұлттық құрама спортшылары жеңіп алған лицензиялар саны 111-ден 98-ге дейін қысқарғаны және оған қандай факторлар себеп болғаны жазылған.


var SVG_ICONS = ' ';