ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

"Байдың баласы болсаң, сылқия тойып көлік басқарсаң да, “толқып тұрмын” десең, тәртіп сақшылары жібере салады" - Айгүл Орынбек

12.07.2023 18:15
Опубликовано в Қаз


Заңгер Айгүл Орынбек Шымкент қаласының полиция қызметкерлерін қатаң сынға алды.

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Ел Президенті Қ.К.Тоқаев “Мас халде көлік басқару — қылмыспен тең, ал мас жүргізуші — қылмыскер” деп қатаң ескертіп, заңға бағынуды тапсырды

✅

Тіпті, бұл заңды қатаңдатып, мас халде көлік тізгіндегендерді 7 (жеті) жылға көлік жүргізу құқығынан айырып, әкімшілік қамақты енгізді

✅

Алайда, Қайрат Дәлбеков басқаратын @Шымкент қаласының Полиция департаментіні бұл заңды БАЙДЫҢ БАЛАСЫНА — бөлек, ал ҚАРАПАЙЫМ ОТБАСЫНЫҢ БАЛАСЫНА — мүлдем басқаша қолданып жатыр!

Халық — КУӘ!

Байдың баласы болсаң, мас халде, тіпті спирттік ішімдікке сылқия тойып көлік басқарсаң да, “толқып тұрмын” десең, тәртіп сақшылары “103”-ті де шақырмай, бас шұлғып жайыңа жібере салады!

Әкімшілік қамақтан ғана емес, тіпті бар жауапкершіліктен құтыласың! Жүргізуші куәлігіңнен де айырылмайсың ғой, өзіңде қалады! Пах, шіркін… неткен “жомарттық” десеңші?!

Ал қарапайым отбасының баласы болсаң, түріңе де қарамай ұрып-соғып, қалтаңдағы ақшаңды тартып алып, ауырмақ түгел “толқығаныңа” да қарамай өздері-ақ элекрошокермен талдырып түсіруі мүмкін!

Шымкент Полициясы басшылығының бұл әрекетін — Президентіміз Қ.К.Тоқаевтың “Жұртқа жақын Полиция” тұжырымдамасына қарсы саясат, лауазымдық өкілеттігікті асыра пайдалану, тіпті сыбайлас жемқорлық деп айқын есептеймін!

Министр Марат Ахметжанов мырза, Сіз бізге Еліміздің бас полицейі ретінде Шымкентте Мемлекет басшысының тапсырмасының орындалмауын — қалай түсіндіресіз?

Мас жүргізуші — өзі мас болса, ол “толқымағанда” кім толқушы еді?)

Спирттік ішімдік ішіп, “толқып” жүргендерге көлікті қалағанынша басқаруға болады және ол жауапкершіліктен толық босатылады деген ЗАҢ бар ма? Көрсетіңізші соны бізге!

Президентімізден бастап, бүкіл Ел болып, Министр Ахметжанов мырзаның өзінен РЕСМИ ЖАУАП күтеміз!", — деп жазды Айгүл Орынбек.

var SVG_ICONS = ' ';