ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Атырауда отбасында ойран салған 34 адам әкімшілік қамауға алынды

11.07.2023 18:11
Опубликовано в Қаз


Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықты азайту мақсатында 1 шілдеден бастап елімізде зорлық-зомбылыққа қатысты заң қатаңдады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Мәселен, полиция қызметкерлері жәбірленушінің арызынсыз істі тіркей алады. Қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы материалдардың жартысы татуласуға байланысты сотта тоқтатылып қалады.

Сондықтан, жанұялық жанжал кезінде екі тараптың татуласуы үшін бір ғана мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы, 461-бабы, 669-бабы шеңберінде отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін әкімшілік қамауға алу мерзімдері айқындалып, қайталанған құқық бұзушылықтар бойынша 25 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу мерзімі ұзартылды.

Айта кетейік, жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық бойынша “102” арнасына 4097 хабарлама келіп түскен.

ҚР ӘҚБтК-нің 73- бабы (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) бойынша 1198 тұлға жауапкершілікке тартылса, қорғау нұсқамасы 1365 құқық бұзушыға шығарылды. 334 тұлғаға ерекше талап қойылып, ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабы, яғни қорғау нұсқамасын бұзған 96 тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қазіргі уақытта отбасы-тұрмыстық қарым-қатынас саласында құқық бұзған 34 тұлға қабылдау-тарату орнына орналыстырылды.

var SVG_ICONS = ' ';