ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

6-8 шілде күндері ауа райы қандай болады?

05.07.2023 18:05
Опубликовано в Қаз




Синоптиктер 6-8 шілде күндері ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы мереке күндері республика аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Соған байланысты найзағай ойнап, екпінді жел соғады, 6-7 шілдеде орталықта қатты жаңбыр жауады деп күтіледі.

Оңтүстік-шығыста, 6-8 шілдеде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Тек еліміздің батысында ауа райы жауын-шашынсыз.

"Батыста, оңтүстікте күндізгі температура 33-42 градус ыстық, республиканың қалған бөлігінде ауа температурасының аздап төмендеуі, солтүстік-батыста және орталықта 22-35 градусқа дейін көтеріледі. Солтүстікте 23-30 градус, шығыста және оңтүстік-шығыста 20-30 градус жылы", — делінген хабарламада.


var SVG_ICONS = ' ';