ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Швецияда Құрбан айт күні Құранды өртеуге рұқсат берілді

29.06.2023 18:04
Опубликовано в Қаз




Швеция полициясы 28 маусымда – мұсылмандардың Құрбан айт мерекесінің бірінші күні Стокгольмдегі мешіттің сыртында Құранды өртеп жіберуге рұқсат берді.


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция өкілі Юлия Марич: «Көп адамдар таңғалды, бірақ конституциялық қорғау өртке тыйым салудан маңыздырақ», – деді.

Полиция Стокгольмдегі мешіт аумағына қосымша күш жіберді.

Ақпан айында полиция Түркия мен Ирак елшіліктерінде Құран өртейтін екі іс-шара өткізу туралы өтініштерді лаңкестік әрекеттер қаупіне байланысты қабылдамады. Кейін Швеция соты бұл шешімді заңсыз деп атады.

Еске салайық, қаңтар айының соңында Данияның исламға қарсы «Страм Курс» («Қатаң курс») партиясының жетекшісі Расмус Палудан Стокгольмдегі түрік елшілігінің алдында Құранды өртеп жіберген болатын. Осыдан кейін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған былтыр мамырда НАТО-ға мүшелікке өтініш берген Швециядан бұл мәселеде Анкарадан қолдау күтпеуді сұрады.


var SVG_ICONS = ' ';