ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

"Әскерден қашып жүрген имансыздар көбейді": Болат Әбділманов әскерден қашып жүргендерді қатаң сынады

22.06.2023 18:15
Опубликовано в Қаз




Актёр Болат Әбділманов әскерден қашатын жастарды имансыздар деді.


Бұл туралы ол "1001 түн" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Қазіргі кино түсірушілер оның мән-мағынасына қарамайды. Комедия болса, халық көп келеді, касса жинаймыз деп ойлап, соған жұмыс істейді. Ізгілікке, адамгершілікке, тазалыққа, рухани дүниеге назар аудармайды. Негұрлым анайы дүние жасаған сайын, актёрдің аузынан ақ ит кіріп, көк ит шыққан сайын, орысша мен қазақшаны араластырып, өмірдегідей боламыз деп бүкіл анайылықтың бәрін көрсеткен сайын көрермені көп болады. Бұл жерде біздің айтатынымыз тобырлық сана. Біз соны өнер арқылы саналыққа көтеруіміз керек. Қазір менің бір қуанатыным, бұрын көрермен жееңіл дүниелерге көп келетін.Ал қазір керісінше, терең мағыналы дүниелерге өте көп келеді. Біздің театрда әр актёрға еркігдік берілген. Мысалы, мен жақында "Жан әке. Қазағым қайда барасың?" деген спектакльдің қазақша нұсқасын жасадым. Сонда ақсақал спектакльдің соңында мына тыныш заманда пейілдері тарылып, адами құндылықтары өзгеріп, қазақы салт пен тәрбие жұтылып, түрі қазақ, жаны жат, санасы уланып, жатағы мен жетегінде кеткен мәңгүрттер көбейді. Отанды сүю иманнан дейді, отанын қорғаудан қашып жүрген, әскерге барудан қашып жүрген имансыздар көбейді деп айтады. Біздің кезімізде отыра қалсақ әскерге бардың ба деп сұрайтынбыз, әскерге бармаған адам бізге қызықсыз болатын. Бізге қазір мемлекетшілдік, отанды сүю, оған қызмет ету жетіспейді" — дейді ол.


var SVG_ICONS = ' ';