Тоқаевтың қатысуымен Халықаралық волонтерлер форумы басталды
21.06.2023 18:10
Форумға 50-ге жуық шетелдік спикер келді. |
Елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Халықаралық волонтёрлер форумы басталды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап.
Кешеден бері өтіп жатқан Халықаралық волонтёрлер форумына әлемнің 34 елінен 140-тан астам ерікті қатысып жатыр.
Айта кетейік, кейінгі үш жылда елімізде волонтёрлердің саны үш есе көбейді. Мысалы, 2019 жылы волонтёрлік ұйымдардың саны 50-ден астам болса, қазіргі таңда 680-ге жетіп отыр. Сонымен бірге волонтёрлердің саны 2019 жылы 50 мың болса, қазір республика бойынша волонтёрлер саны 200 мыңнан асады.
Форумның негізгі мақсаты – волонтёрлер қозғалысын дамыту және қолдау саласындағы қазақстандық тәжірибені таныстырып, халықаралық аренада елдің оң имиджін қалыптастыру.
Осыған дейін Астанада өтетін халықаралық волонтёрлер форумына 34 елдің делегаты келгені хабарланған еді.