ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Өзі сотталған адам менің күйеуімді қалай талқыға сала алады?- Дана Есеева

15.06.2023 18:17
Опубликовано в Қаз




Қаржылық пирамида құрды деп айыпталған вайнер Мейіржан Төребаетың әйелі Дана Есеева шынайы ақпарат таратудың орнына күйеуіне ақпараттық шабуыл жасаумен айналысып жатқан журналистерді жауапқа тартуды талап ететінін мәлімдеді.


Журналистерге арналған видеожолдауды блогер өзінің Instagram парақшасында жариялады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Жақын күндері сот 2 жыл 6 айға созылған Астекс және Мудараба істерінің нүстесін қояды. Мейіржан күдікті деп танылған сәттен бастап мен оның қорғаушысы ретінде танылып, барлық жауап алу және сот процесіне қатыстым. Сотта жәбірленушілердің барлығынан жауап алынды. Нәтижесінде олардың ешқайсысы Мейіржанға ақша бермегені, оның компаниядағы бірде-бір қызметкердің іс-әрекеттерін басқармағандығы, пайда таппағандығы анықталды. Одан бөлек тергеу кезіндегі экспертизалар Мейіржанға ақшалай қарыз екенін көрсетті. Тергеу жұмыстарының нәтижесінде прокуратура тағылған айыптың көп бөлігін алып тастады. Бірақ сот шешімі әлі шықпады. Алайда, журналистсымақтардың тарапынан болып жатқан ақпараттық шабуылдар толастар емес. Мен бұл кімнің ісі екенін де білемін. Мысалы, кеше өзі сотталған экс-журналист өзінің парақшасында Мейіржанның ісіне сот қандай шешім шығару керек деген сауалнама жүргізген.Ол мұндай әрекетімен қоғамды Мейіржанға қарсы қойып жатыр. Өзі сотталған адам менің күйеуімді қалай талқыға сала алады? ", — дейді ол.

Сондай-ақ алдағы уақытта алдағы уақытта Мейіржанның тарапына ақпараттық шабуыл жасап жатқан журналистерді жауапқа тартуды талап ететінін де айтты.

"Мен шынайы ақпарат таратудың орнына, менің күеуіме шабуыл жасап жатқан барлық журналистсымақтарды жауапқа тартып, жазалауды талап ететін боламын. Барлығы заң аясында болсын. Мен бүгін заңға сәйкес қоғамдық пікірге әсер ете отырып, сотқа қысым көрсету фактісі бойынша арызымды өткіздім", — дейді блогер.


var SVG_ICONS = ' ';