ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Алматыда полиция қызметкері абайсызда әріптесін атып тастады

05.06.2023 18:10
Опубликовано в Қаз




Алматыда полиция қызметкері өз әріптесін атып тастады.


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл туралы ақпарат әуелі Kozachkov Telegram каналында пайда болды.

Тараған ақпарат бойынша, оқ атқан — 28 жастағы сержант. Олар жәбірленушімен бірге тамақтанатын бөлмеде болған.

Оқ ПМ қызметтік қаруынан атылған. Қызметкер алған жарақатынан сол жерде мерт болды.

Куәгердің айтуынша, полицейлер арасында жанжал болмаған, олар жай сөйлесіп отырған.

Алматы қалалық полиция департаменті ақпаратты растады.

Ведомство мәліметінше, оқиға 5 маусымда болған. Полиция қызметкері қызметтік қарумен абайсызда өз әріптесіне оқ атқан, жәбірленуші алған жарақатынан қайтыс болған.

«Аталған дерек ҚР ҚК 104-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды»,- деп хабарлады ведомстводан.


var SVG_ICONS = ' ';