ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

10 жылда елімізде АИТВ жұқтырғандар саны 2 есеге артты - министр

30.05.2023 18:07
Опубликовано в Қаз




Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қазақстанда адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) инфекциясымен сырқаттанушылық 2 есеге артқанын айтты.


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz- ке сілтеме жасап хабарлайды.

Министрдің айтуынша, соңғы 10 жылдың ішінде Қазақстанда адамның иммун тапшылығы вирусының (АИТВ) инфекциясымен сырқаттанушылық 2 есеге артты. Атап айтқанда 2013 жылғы 11,5-тен 2022 жылы 20,3-ке дейін. Жұқтырылған иммун тапшылығының синдромынан (ЖИТС) болатын өлім-жітім көрсеткіші 1,7 есеге төмендеген.

"2022 жылдың аяғында елде АИТВ-мен ауыратын 30 558 адам болса, 2022 жылы шамамен 3877 жаңа жағдай тіркелді", — деді министр Үкімет отырысында.


var SVG_ICONS = ' ';