ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Енді автокөлікке VIP мемлекеттік нөмірді интернетте таңдауға болады

30.05.2023 18:07
Опубликовано в Қаз




Өткен жылы автокөлік иелері шамамен 6 млрд теңгеге VIP-нөмірлер сатып алған.


Осындай нөмірлерді сатып алуды қолжетімді ету үшін ІІМ оларды таңдау және брондау бойынша тиісті сервис әзірледі, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл сервис Цифрлық даму министрлігінің “Smart Bridge” сервистер витринасында орналастырылған. Сервис мемлекеттік қызметтерді көрсетуге арналған барлық интеграциялық платформаларда, оның ішінде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларында да қолжетімді. Сонымен қатар азаматтарға ыңғайлы болу үшін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган осы қызметті еGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттерге шығару мәселесін пысықтап жатыр. Өткен жылдардағы талдау көрсеткендей, бұл жыл сайын 20 мыңнан астам азаматқа мобильді қосымшалар арқылы, ХҚКО-ға бармай-ақ, автокөліктерді тіркеу кезінде онлайн-режимде “беделді” нөмірлерді таңдауға және брондауға мүмкіндік береді.


var SVG_ICONS = ' ';