ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Бір сөзім өтірік болса, мені соттаңдар: Кәсібінен айырылған қария Президентке үндеу жасады

19.05.2023 18:05
Опубликовано в Қаз




Олигархтар кәсібімді тартып алды деген 72 жастағы Түркістандық қария Президентке үндеу жасады.


Ол бұл туралы "Халық үні" бағдарламасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Қайнар, Ермек Абасовтар 1877 нектар жерімізді тартып алды, малқорамыздан айырды, жалған құжат жасатып 112 тонна бидайымызды сатып жіберді", — дейді Бахырхан Исақұлы.

Сондай-ақ қария осындай бассыздықтардың кесірінен екі көзі көрмей, екі құлағы естімей 1 топтағы мүгедек болғанын айтады.

"Заңды шығарудың қажеті жоқ, заңның орындалуын қадағалау керек. Жаңадан сайланған депутаттарға айтарым осы. Тоқаев мырзадан да сұранарым осы. Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жердегі жан-айқай менікі емес, 50-ден астам отбасының мәселесі. Мен аты-жөнін көрсетіп отырған азаматтардың сіздің командадыңызда жұмыс істеуге құқығы жоқ. Олигарх Қайнар, Ермек Аббасовтар, төраға Мұсаев барлығы заң алдында жауап берсін. Егер менің бір сөзім өтірік болса, мені соттаңыздар. 112 тонна бидайдың бағасы сол кезде 7 млн 840 мың теңге, қазір 17-18 млн. Осы ақшамызды өндіріп берсін", — деді ол.


var SVG_ICONS = ' ';