ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Сирияда зілзаладан 3 ай өткен соң үйінді астынан тірі адам табылды

17.05.2023 18:11
Опубликовано в Қаз




Сирияда жойқын зілзаладан үш айдан астам уақыт өткен соң үйінді астынан тірі адам құтқарылды.


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Ulysmedia.kz.- ке сілтеме жасап хабарлайды.

Akhbar.fouri хабарлауынша, 16 мамырда желіде тараған видеолардан қатты азып, терісі сүйегіне жабысып қалған ер адамның құтқарылған сәтін көруге болады.

Құтқарушылар оның мұнша уақыт ішінде қалай аман қалғанына таң. Ер адам ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оған ем-дом жасап жатыр.

Айта кетейік, Сирияда 6 ақпанда күшті жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінен соң сегіз күн өткеннен кейін жергілікті билік 1500-ге жуық тұрғынның қаза тапқанын хабарлады.

Жер сілкінісінің ошағы көршілес Түркияның Кахраманмараш провинциясында болған. Мұнда апаттан 49 мыңнан астам адам қаза тапты.


var SVG_ICONS = ' ';