ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Алматылық студенттердің салауатты өмір салтын ұстануына не кедергі?

17.05.2023 18:04
Опубликовано в Қаз




«Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ және Алматы Менеджмент Университетінің Service Learning» пәні аясында қызықты зерттеу жүргізді.


Онда алматылық студенттердің өмір салты, салауатты өмір салтына қатысы (СӨС) және олар тап болатын түйткілдер туралы зерттеу нәтижесін ұсынды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Салауатты өмір салтын ұстануға негізгі кедергі неде? Бұған жастардың 32%-ы жалқаулық пен мотивация жоқ деп жауап берген. 26%-ы негізгі кедергілер пайдалы тағамның қолжетімділігі және жоғары жұмысбастылық (уақыттың болмауы) екенін айтса, 17%-ы спорт нысандарының қолжетімділігін атаған.

«Жеті айлық жұмыс барысында AlmaU-дың 200 студенті Алматының студент жастары арасында темекі шегу, алкогольді тұтыну, тамақтану және салауатты өмір салты бойынша сауалнама жүргізе отырып, «Денсаулық» қауымдастығымен 4 әлеуметтік жобаны іске асырып, болашақта өз жобаларымен жұмыс істеу кезінде пайдалы болатын зерттеуге қатысудың жеке тәжірибесін алды», – деді Алматы менеджмент университеті (AlmaU) СжҚМ тәжірибе профессоры Гүлнәр Әсемқұлова.

Зерттеуге AlmaU-дың 1-курсында оқитын 53 студенті волонтёр-интервьюер ретінде тартылды. Ал сауалнамаға мегаполистегі 18 ЖОО студенттері қатысты. Денсаулыққа теріс әсері бар фактор ретінде зиян әдеттер (темекі шегу, алкоголь мен есірткі қолдану) – 42%, отырықшы өмір салты – 32%, теңдестіріп тамақтанбау және артық салмақ – 29% көрсеткен. Респонденттердің шамамен 25%-ы артық дене салмағы барын жеткізсе, ал 3%-ы бұл сұраққа жауап беруге қиналған екен.

Сауалнамаға қатысқандардың 34%-ы зиян компоненттер санын азайту – «зиянды азайтудың» ең тиімді тәсілі деп санапты. 32%-ы зиян өнімдерді сатуға тыйым салуды тиімді әдіс деп ойлайды екен. Ал 41%-ы денсаулыққа зияны аз өнімдер көп зиян келтіретіндерге қарағанда арзанырақ болуы керек деп тұжырады. Шамамен 64%-ы тауардың зияны аз екені туралы ақпаратты өнімнің қаптамасында басып шығару керек деп отыр.

«Респонденттер СӨС деген не екенін қалай түсінеді деген сұраққа сауалнамаға қатысқандардың 15%-ы бұл темекі шегу және алкоголь тұтыну сияқты жаман әдеттерден бас тарту екенін атап өтті. Респонденттердің 24%-ы салауатты өмір салтының негізі дұрыс, уақтылы және теңдестірілген тамақтану деп санайды. 23%-ы СӨС олардың түсінігінде тұрақты спорт екенін атады. Сауалнамаға қатысқандардың тек 38%-ы салауатты өмір салтын үнемі спортпен шұғылдануды, дұрыс тамақтануды және жаман әдеттерден бас тартуды қосқанда, осы факторлардың жиынтығы деп санайды», — деді «Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ төрағасының орынбасары әрі дәрігер Гинтаутас-Юозас Кентра.

Шынымен де, бұл қызықты сауалнамаға қатысқандардың 28%-ы отырықшы өмір салтын ұстанады екен. Ал 57%-ы керісінше, белсенді өмір салтын ұстанса, тағы 15%-ы бұл сұраққа жауап бере алмады. Спортпен үнемі шұғылданатын респонденттер мен анда-санда айналысатын немесе мүлде айналыспайтындардың үлесі шамамен тең (52,2% және 47,8%). Десек те, салауатты өмір салтын ұстанамын дейтін респонденттердің саны ұстанбаймын деп есептейтіндердің санына тең болып шықты.


var SVG_ICONS = ' ';