ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Ең үлкен арманым осындай балапанның әкесі атану - Жахан Отарғалиев

16.05.2023 18:14
Опубликовано в Қаз




Танымал актёр Жахан Отарғалиев әлеуметтік желіге балалы болғысы келетіні туралы әсерлі видео жариялады.


Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы хабарлайды.

"Құрметті менің жанашыр досым. Бұл Джохан 2 фильміндегі менің ең жақсы көретін сахнам. Себебі, бұл сахнада бар нәрсе әзірге менде жоқ. Негізі кез келген адамның ішінде ех деп мұңаятын нәрсе болады. Бұл теманы мен бұрын қозғаған жоқпын. Бірақ негізі менің ең үлкен арманым — осындай балапанның әкесі атану. Джохан фильмін не үшін түсірдім? Себебі, бұл өмірде көптеген адамдар ең маңызды нәрсе отбасы екенін ұмытып, дүниенің артынан қуып жатады. Ал, мен осы кино арқылы отбасыңнан артық ештеңе жоқ екенін көрсеткім келді. Шынымды айтсам қазір маған біреу келіп сенде кино, атақ, жаңа үй, машина ешнәрсе болмайды,тек бір балаң болады десе мен ойланбастан бала дер едім. Қысқасы қымбатты бауырлар, қолда бар алтынның қадірін біліп, уақыттарыңызды максимум отбасылыраңызға арнаңыздар. Себебі, сізде бар нәрсе біреулерге арман", — делінген видеода.

Желі қолданушылары актёрге тезірек балалы болуды тілеген.

"Биыл бәйбішеңіз шекесі торсықтай ұл туып берсін", "Алла сіздерге сәби бұйыртсын", "Менің жолымды берсін, 5 қыздың әкесі бол", "Алла қаласа көп балалы боласыздар", "Алла моншақты қыздар мен оншақты ұлды нәсіп етсін" деп жазды олар.


var SVG_ICONS = ' ';