ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Елімізде онлайн кредитке тыйым салынады

26.04.2023 18:05
Опубликовано в Қаз




Мәжілісте депутат Ержан Бейсенбаев онлайн кредиттер туралы мәселені көтерді.


Депутаттың сөзінше, «Ақжол» партиясы депутаттары бұған дейін халықтың онлайн кредиттер алу мүмкіндігін болдырмаудың қажеттігі туралы сауал жолдаған, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы turkystan.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы былтыр желтоқсанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында халықтың көп кредит алуын төмендету үшін кепілсіз онлайн микрокредит беруге тыйым салған елдердің тәжірибесін зерделеуді тапсырды. Қалып отырған келісім ел азаматтарына Қазақстанда отырып, басқа мемлекеттің аумағындағы қаржы ұйымынан кредит алуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Еуразиялық экономикалық одақтың онлайн қарыздар беретін қаржы ұйымдары Қазақстан нарығына кіреді. Біз осы сияқты қарыздарды алу оңай екенін білеміз, – деді депутат.

Айтуынша, қарыз алушылардың табыс деңгейі мен олардың кредит тарихы көбіне ескеріле бермейді. Соның салдарынан борышкерлердің кредиторлар алдындағы борыштық міндеттемелерін уақтылы орындамау сияқты жағдайларға тап боламыз.


var SVG_ICONS = ' ';