ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Биыл Қазақстанда әскери парад тағы да өтпейді

24.04.2023 20:08
Опубликовано в Қаз




Қорғаныс министрлігі бюджет қаржысын үнемдеу үшін осындай шешім қабылдаған.


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның қорғаныс министрлігі биыл Жеңіс күніне орай әскери парад өтпейтінін мәлімдеді.

"Бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты 2023 жылы Қазақстанда әскери парад өткізу жоспарланып отырған жоқ. Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін қолдауға басымдық беріледі", — делінген қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Әскери парад өтпесе де, ерекше көзге түскен әскери қызметшілерге құрмет көрсету, майданда қаза тапқан батырлар мен олардың ерлігін еске алу секілді түрлі әскери-патриоттық шаралар жоспарланып отыр.

7 және 9 мамырға жоспарланған өзге де іс-шаралар туралы ақпарат жақын арада қорғаныс министрлігінің сайтында жарияланады.

Айта кетері, Қазастанда әскери парад соңғы рет 2018 жылы өткен болатын.


var SVG_ICONS = ' ';