ТОП новости

Аналитика, армия

Теги

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

24.04.2023 20:04
Опубликовано в Қаз





Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшерін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 824,3 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы – 253,1 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы – 571,2 миллиард теңге.

"2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 120 798 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 82 953 теңге, базалық зейнетақы – 37 845 теңге болды", — делінген хабарламада.

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 миллион 297 мың адам.


var SVG_ICONS = ' ';